Дилфизо және Донада
Билеттер бағасының әртүрліліне, алайда билеттердің ұқсас екендігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Тек студенттік билеттер ғана 4000 теңгеден тұрады.
Бұл жағдайда сіз өзіңіз үшін қолайлы бағаны төлейсіз, бағалар 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін. Өзіңіз үшін бір немесе достарыңыз бен жақындарыңызға да бірнеше билеттерге қол жеткізе аласыздар. Қойылымға билет сатып ала отырып, сіз «Трансформа» мәдени кеңістігінің дамуына өз септігіңізді тигізіп, қызметіне қолдау көрсетесіз.
«Трансформа» кеңістігінде драматург әрі режиссер Ольга Малышева қаламынан жарық көрген спектакль-пазл.
Жеті бөлме берілген, ал олардың әрқайсысында үздіксіз түрде шытырман оқиға желісі өрбіп келеді. Сіз өз шешіміңізбен өз жолыңызды таңдап, сіз тамашалайтын сюжеттік қызықтар дәл осы таңдауға байланысты болады. Өз қалауыңызша қойылым әлемінде ең аз қырық минутқа немесе ең көп екі сағатқа дейінгі уақытты өткізе аласыздар.
«Дилфизо және Донада» пьесасы мыңдаған қашықтық пен ғасырлар уақыты ажыратқан екі әйелдің тағдыры туралы сыр шертеді. Алайда олардың тағдыр жолдары екеуінің әртүрлі уақытта әртүрлі мекенде өмір сүргендеріне қарамастан жұмбақ түрде бірін-бірі бұлжытпай қайталап шыққан екен. Драматург Ольга Малышева өз пьесасын қоюды шешіп, сюжетті жаңа тәртіпте жинау үшін оны бірнеше бөлімдерге бөліп тастады. Ал «Дилфизо және Донада» спектаклі пьесада сипатталған оқиғаны қайталай ма, жоқ па, ол тек көрерменнің таңдауына байланысты.
Қойылымның тұсаукесері бір жыл бұрын ALA арт-резиденциясының аумағында өтті. Содан бері көп нәрсе өзгерді: «Дилфизо және Донаданың» іргесін құрған арт-резиденция жұмыс істеуін тоқтатып, біздің алматылық көрермендер елдегі бүкіл қоғамға ұзақ уақыт әсер ететін қаңтар оқиғаларын басынан өткерді, ал жаһандық саяси дискурс жарты жыл бойы соғыс қимылдарына қарай жаратылып келеді.
Қыркүйек айында «Трансформа» «Дилфизо және Донада» спектаклін Барибаев 36-дағы үй мәдени кеңістігіндегі қонақ үйдің жаңа орнына орналастырады. Осылайша спектакльдің кейіпкерлері соғыс туралы жырлайтын бөлімдері мүлдем жаңаша орындалмақ.
Соғыс жағдайы бізді ондай қатты мазаламаған кезде, 2021 жылдың басында жазылған «Дилфизо және Донада» пьесасы бүгінгі таңда түбегейлі антисоғысттық болып көрінеді, себебі дәл осы қарулы қақтығыстардың әсерінен басты кейіпкерлеріміздің өмірі құрдымға ұшыра бастайды.
Қалған тұстары жағынан қойылым біздің көрермендерімізге ұнаған сарында қалды: оқиға желісі бір уақытта 7 бөлмеде орын алатын қойылым. Пазл эпизодтары арасында лабиринт бойынша саяхаттап, өзіңіздің тарихыңызды жинақтауға болады.
Төрт бөлмеде әртістер өнер көрсетеді, екеуінде оқиға желісі аудиожазбаларда дамып, тағы біреуінде біз сіздерге жай ғана аспан тамашалауды ұсынамыз. Сан алуан елдер мен қалалардың бейбіт аспаны.
Сізден - билет, зарядталған смартфон және құлаққап. Бізден - Дилфизо мен Донаданың әлемі мен тағдыры бойынша саяхат.