Сіріңке сатушы қыз
«Сіріңке емес, менің қиялым оттай лаулаған!» - дәл осы сөздермен Г.Х.Андерсеннің аттас ертегісінің негізінде құрылған жаңа қойылымымызды бастасақ қателеспеспіз.
Ескі қалада, даланың қақаған суығынан зардап шеккен кедейлер сіріңке қорапшасын тауып алады. От көзінің арқасында жылынып отырып, кедейлер тобының бастығы сіріңкемен жүретін кішкентай қыз туралы ертегіні еске алып, көрермендерді осы ертегілік әңгімеге баурайды.
Аштық пен суықтан әлсіреген кішкентай қыз Рождество қарсаңында бір үзім нан болса да азық табу үшін далада сіріңке сатуға мәжбүр. Қара суықтан өлім аузына түсе жаздаған қыз өзінің сіріңке қорапшасына жан береді екен, осылайша сіріңке қорапшасы оның адал досы атанып, нағыз сиқыршыға айналады екен. Әрбір жанған сіріңке жылудың, қуаныш-шаттық пен махаббаттың, сондай-ақ кішкентай қыз сағынып жүрген кішкентай әжесінің бейнесіне енеді екен.
Қоюшы топ:
Қоюшы-режиссер, қоюшы-суретші, музыкалық рәсімдеу - А.Плохой
Балетмейстер Е. Ранн
Бас режиссер - «Мәдениет саласының үздігі» О.Б. Луцива
Директор - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Б.С. Бахтыгереев