Ерте-ерте-ертеде

Сіздер бұрын-соңды киіз үйде қойылым тамашалап па едіңіздер? Ал бірден екі тілде ше? Ал қойылымның қатысушылары әрі жасаушылары болып көріп пе едіңіздер? 

«Ерте-ерте-ертеде» («Давным-давно») интерактивті, екітілді спектаклі осының бәрін өзінде қамтиды! 

Ата-аналар балаларымен бірге балалық шақтарын еске алып, Қазақстанның ертегілерімен, киіз үйдегі тұрмыспен танысып, қойылым барысында оны құруға көмектесетін болады. 

Қойылым бір уақытта орыс және қазақ тілдерінде ойналып, барша көрермендерге түсінікті болары анық. 

Сіздерді біздің киіз үйде күтетін боламыз!