rebranding

Дархан дала

2016 / 2017                    Камералық зал             IV маусым

20 шілде * бейсенбі * 19.00

«Дархан дала»

Қазақ романсының кеші

Бағдарламада отандық классик композиторлар (Е.Брусиловский, А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов, М.Төлебаев, Н.Тілендиев), сондай-ақ Т.Мұхамеджанов, К.Дүйсекеев, Ж.Тұрсынбаев, С.Еркімбеков, А.Райымқұлова, Б.Қыдырбек, С.Әбдінұров, Ә.Әбдінұров, А.Бестібаев, Б.Дәлденбаев, Қ.Шілдебаев сияқты заманауи атворлардың вокалдық шығармалары шырқалады.

Әндер мен романстар – барша елдердің композиторларына әркезде жақын болған жанр. Олар әлі күнге дейін заманауи композиторлар үшін қызықты және еліміздің барлық сахналарында орындалып келеді.

Концертте халық сүйіп тыңдайтын әндер мен романстарды, сонымен бірге Қазақстан композиторларының жаңа туындыларын опера солистері мен танымал аспапта орындаушылар шырқайтын болады.