Д. Чимароза «Жасырын неке»

2023 / 2024                   К.Байсейітова атындағы Камералық зал                   ХІ маусым

16 қыркүйек * сенбі * 18.00

17 қыркүйек * жексенбі * 18.00

 

«PICCOLO» ТЕАТРЫ

 

Доменико Чимароза

«Жасырын неке»

екі бөлімді опера-буффа

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі субтитрмен қамтылған)

 

Ұзақтығы: 1 сағат 45 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Либретто авторы – Джованни Бертати,

Джордж Колман (әкесі) мен Дэвид Гарриктің аттас ағылшын комедиясы негізінде

 

Премьера: 1792 жылғы 7 ақпан, Вена Сарайының театры

«Астана Операдағы» премьерасы – 2021 жылғы 30 қыркүйек, 1, 3, 4, 7 қазан

 

            Әуел баста сәттілік серік болған «Жасырын неке» Д.Чимарозаның 65 операсының ішінде қазіргі таңда тыңдарманның құлақ құрышын қандырып келе жатқан жалғыз туындысы болып қала бермек.

         Көптеген ел кезген италиялық сазгер ІІ Екатерина сарайында композитор қызметін атқарып, Ресейден Венаға оралады, мұнда ол Моцарт арман еткен осындай лауазымды иеленеді. Ол «Жасырын некені» император ІІ Леопольдтің сарайында жазған. Операны ұнатқаны соншалық (оқиға осылай баяндалады), монарх актерлерді түскі асқа шақырып, содан кейін оны қайта орындауды талап еткен. Операның әлемдік тарихында ұзаққа созылған бұдан өзге бис болмаған.

         Операның сюжеті күрделі махаббат шытырмандарына толы. Оқиға бай көпес қарт Джеронимоның үйінде өрбиді, онымен бірге бір шаңырақ астында қыздары – Элизетта мен Каролина, қарындасы – дәулетті жас жесір Фидальма, ақылды жас есепші Паолино тұрады. Джеронимоның арманы – қыздарын ақсүйек жігіттерге ұзату, алайда ол кіші қызы Каролинаның Паолиномен жасырын некеге тұрғанынан хабарсыз.

         Паолино қайын атасының көңілін табу мақсатында, қыздың мол жасауы үшін Джеронимоның отбасымен туыс болуға әзір тақырға отырған граф Робинзонды тауып алады. Паолиноның ойындағы айла-есепке қарамастан, граф көпестің үлкен қызы Элизеттаға емес, Каролинаға үйленгісі келеді. Фидальма да өзінің жеке өмірін реттеуді жөн көріп, Паолиноны таңдайды...

Әрі қарай түсініспеушіліктер, күлкілі жағдайлар мен қызғаныш көріністері, соңында, әлбетте, бақытты финал орын алады.

Чимарозаның шығармашылығы өзінің көптеген замандастары басынан өткергендей, Моцартқа тән кемеңгерліктің қуатты ықпалына тап болды. Композитор еуропа әдебиетінің сатирасы дәстүріне бет түзей отырып, опера формасының классикалық құрылымын таңдады.

«Жасырын неке» операсы ансамбльдік көріністерге бай, сонысымен музыкалық бояуы мен драматургиялық құрылымы сан алуан.

Аталмыш шығарма романтизм кезеңінде қалыптасқан dramma giocoso (көңілді драма) стилінің дамуы мен тереңдеуінің озық үлгісі болып табылады.

Чимарозаның жауһарында «музыкалық комедиялар үшін жалғыз ғана сай келетін нағыз жеңіл алтын реңк бар... бұл музыкада бәрі де бұлақтай атқылап, меруерттей жеңіл әрі көңілді құбылады, бұдан тыңдарман тек рахатқа бөленеді» (Э.Ганслик).

Доменико Чимароза комедиялық операның 60 жылдан астам даму жолын түйіндей келе әрі өзінің отандасы әйгілі Джоаккино Россинидің жетістіктері үшін жағдай жасап, осы жанрдың өркендеуіне өзіндік үлес қосты.

 

КӨРКЕМДІК-ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:

Қоюшы дирижер – Абзал МұхитдинҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Руслан Баймурзин

Көркемдік жетекші және қоюшы режиссер – Алла Симонишвили

Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа

Хореограф – Ғалия БөрібаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры – Азамат ЖылтыркөзовҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жобаның техникалық директоры – Виктор Караре

Жарық бойынша суретші – Сергей Кулак

Режиссердің көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова, Мәнсия Естекова

Концертмейстерлер – Елена Сахно, Ирина Кургузкина, Жаңыл Рақымбекова, Айшабибі Асқарова, Зәру Жазықбаева

Жоба үйлестірушісі – Маржан Жәкенова

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

ДЖЕРОНИМО – Талғат ҒАЛЕЕВ /Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

ГРАФ РОБИНЗОН – Евгений ЧАЙНИКОВ

КАРОЛИНА – Әсем СЕМБИНА / Елена ГАНЖА

ЭЛИЗЕТТА – Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері / Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 

ПАОЛИНО – Артур ГАБДИЕВ / Нарұл ТОЙКЕНОВ

ФИДАЛЬМА – Салтанат МҰРАТБЕКОВА / Татьяна ВИЦИНСКАЯ

 

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ, ОПЕРА СОЛИСТЕРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.