Шенеунік

Шенеунік - 1856 жылы шыққан және әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған әйгілі орыс драматургі В.Соллогубтың ең үздік пьесаларының бірі. Шенеуніктердің тұрмыс-тіршілігі, жемқорлық, ішкі қитұрқылықтар, парақорлық тақырыптары қойылымда басты кейіпкерлердің терең әрі нәзік махаббат хикаясының аясында баяндалады. Абырой, қадір-қасиет, өз Отанына қызмет ету - шенеунік Надимов өмірінің басты ұстанымдары. Бұл ұғымдар оның ортасындағы адамдарға мүлдем жат. Шенеунік орта тарапынан оның көзқарасын түсінбеуі өзара қарым-қатынастың қуатты драматургиялық қақтығысын туғызады. Надимовтың ішкі сенімдері мен ұстанымдарын бұзуға талпыныс сәтсіздікке ұшырайды!

Режиссер XIX ғасырдағы оқиғаларды бүгіндікте бәрімізге таныс және жақын болып келетін жағдайға аса шебер және көркем түрде жеткізеді. Қойылым авторлық музыкаға, хореографияға бай, бұл ұсынылған классикалық водевильдің жанрын сәтті сақтайды.