Шағала

Шексіз көрінетін әңгіменің оқиға желісі.

А.П. Чеховтың өзі «Шағала» шығармасын жазып бастағанда әлдебір оғаш туынды жазуды көздеген еді: «әдебиет туралы көп әңгіме, аз ғана іс-әрекет, сексен келі шақты махаббат…». Пьесаның көпқабатты мен көпмағыналы болғаны соншалық, әрбір ашылған мағынаның астарында тағы бір мағына жасырынғандай болып шықты…

Чехов әлемінде жарқын контрастар жоқ («алыс - жақын», «жақсы - жаман»), тек әртүрлі реңктер ғана. Солар арқылы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін ақтап алмасақ та, оларды түсіндіре аламыз. Біздік жан-дүниеміз сол бір шағала іспетті: бірде махаббатқа толысып, көкке шарықтап шыға келеміз, бірде қатыгез соққыдан лап етіп жерге түсеміз…