«Біржан – Сара»

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

 

2020 / 2021                  Үлкен зал                  VIІІ маусым

8 маусым * сейсенбі * 19.00

9 маусым * сәрсенбі * 19.00

 

Мұқан Төлебаев

«Біржан – Сара»

2 бөлімді опера

Либретто авторы – Қажым Жұмалиев

ЖАҢА МУЗЫКАЛЫҚ САХНАЛЫҚ РЕДАКЦИЯ

 

Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кеңесші режиссер – Михаил Панджавидзе, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы хореограф – Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

 

 

«Астана Опера» театрында ұлттық өнеріміздің бетке ұстар шығармасына айналған Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясы көрсетіледі.

Қоюшы режиссер Асхат Маемиров, режиссердің кеңесшісі Михаил Панджавидзе және қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин кейіпкерлердің бейнелерін жаңаша құрып, қазақ классикасын басқа қырынан оқуды ұсынады.

Жәрмеңке көрінісімен басталған опера бірден көрерменнің қиялына қанат бітіреді: мұнда дарынды халық зергерлері, шебер қолөнершілер, әккі саудагерлер, ат үстіндегі бүркітшілер және қанат бойымен жүрген епті жігіттер де бар! 3D-технологияны пайдаланудың арқасында табиғат пен тұрмыс көріністері жандана түседі. Көздің жауын алар костюмдер, сондай-ақ итальяндық хас шебер Серджио Металлидің бейнепроекциялары, ең бастысы – тамаша музыка, солистердің керемет дауыстары мен үйлесімді оркестр үні көрерменге естен кетпес әсер қалдырары анық.

 

 

Ұзақтығы – 3 сағат (бір үзіліспен)

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

8 МАУСЫМ

Біржан – Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сара –  Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Жанбота –   Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аналық –  Дина ХАМЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Алтынай –  Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері

Жиенқұл –  Талғат ҒАЛЕЕВ

Қожағұл –  Шыңғыс РАСЫЛХАН

Серік –   Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Естай –   Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

 

* * *

 

9 МАУСЫМ

Біржан – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

Сара –  Бибігүл ЖАНҰЗАҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанбота – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аналық – Гүлжанат САПАҚОВА

Алтынай – Әсем СЕМБИНА

Жиенқұл – Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ

Қожағұл – Евгений ЧАЙНИКОВ

Серік –  Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Естай – Нарұл ТОЙКЕНОВ

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

 

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)