Scorpions в Алматы

Бөрте

Автор: Дулат Исабеков 

Премьера күні, жылы: 9 октября 2021 год / 9 қазан 2021 жыл

Режиссёр: Davide Livermore (Давиде Ливерморе)

Актерлар: Айя Шарип, Еркебулан Дайыров, Акбота Каймакбаева, Нуркен Отеулов/Айя Шарип, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеулов

Жанр: Историческая драма/Тарихи драма

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут

Жас санаты: 14+

Қосымша: спектакль орыс және ағылшын тілдеріне ілеспе аудармасымен қазақ тілінде өтеді

 

Қойылым 10-11 жастағы Темучин (Шыңғыс ханның шын есімі) мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады.

Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған атақты «Калқа өзені бойындағы шайқасқа» дейін жетеді. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады.