rebranding

Болашаққа хат. Атырау қаласына іс-сапар

Болашаққа хат. Атырау қаласына іс-сапарӨтетін жері: Атырау қаласы, М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, кіші залында

Автор: Қолғанат Мұрат  

Премьера күні: 19-20,21 қараша,2021 жыл

Қоюшы режиссер: Елтай Кемал 

Музыкамен көркемдеуші: Елтай Кемал, Тимур Ерімбетов

Костюм суретшісі: Айзат Ордабаева

Режиссердің ассистенті: Толқын  Жандыбаева

Жанр: детектив

Ұзақтығы: 1 сағ 20 минут

Жас санаты: 12+

 

Осыдан бес ай бұрын, кездейсоқ, мектеп терезесінен құлап кеткен мұғалімнің қазасына ата-аналар кінәлі ме? Қылмысты жасаған кім? Жасөспірімдердің болашаққа жазған хатында қандай құпия жасырылған? Ата-ана мен балалар арасындағы түсінбеушіліктің шешілу жолдары бар ма ? Санадағы сан сұрақтың жауабын тапқыңыз келсе, театрға келіңіз!

Рөлдерді сомдаушы:

1. Несіпбек Думанбай – Толағай Қарасаев

2. Эрнест Мырзабеквич – Әсет Сисенов

3. Берік Рысбек – Нұрсұлтан Айтқалиев

4. Қарлығаш – Роза Ерболатова

5. Ескендір Ысқақ – Абзал Құдайбергенов

6. Қыздың елесі – Дана Ниязова, Мөлдір Ғанибекова