«Blind Forgiveness» рок балеті Astana Ballet театрында

Бас продюсер: Валерий Копейкин
Бас директор: Жанна Егорова
Продюсер: Михаил Черных
Композитор: Арсений Смирнов
Қоюшы-балетмейстер: Кирилл Радев
Көркем жетекші: Александр Могилев
Костюм суретшісі: Игорь Чапурин
Суретші-сценограф: Анастасия Капустина
Дирижер: Арман Оразғалиев

«Blind forgiveness» рок-балеті -  неоклассикалық би суреті балет идеясын заманауи сарында ұсынумен ұштасқан, сюжетті театр монологы стилінде ашатын бірегей балет. Бұл «Балет» тарихы кітабындағы мүлдем жаңа беті деп айтуға да болады. «Blind forgiveness» - классикалық өнер элементтері мен заманауи музыкалық бағыттарды біріктіретін инновациялық рок-балет. Ол симфониялық оркестр үшін толыққанды рок-балет форматында ұсынылған, онысымен бұл туынды бірегей әрі қайталанбас өнертабысына айналады.

Қазіргі қоғамда орын алып жатқан әлдеқайда игі емес оқиғалар тарихын сипаттайтын 12 картинадан тұратын бірегей либретто. Кирилл Радев өзіне тән қасиеттерге ие пластикалық бейнелерді шеберлікпен жеткізіп, бірегей хореографиялық тілмен адами сезімдердің, жай-күйлер мен қарым-қатынастардың алуан түрлілігін көрсете білді. Композитор Арсений Смирновтың музыкалық партитурасы спектакльдің тереңдігін, оның «жан дүниесін» паш етті.