«Бір жан, бір дем, бір әуен» концерті

Өтетін орны: Орал қаласы, Қадыр Мырза ш / а 12/2, "Атамекен"өнер орталығы

Күні: 2023 жылғы 27 қараша

Басталуы: 19:00

Әртістер: Ақсұлу Жұмалиева, "Әдемі" хореографиялық ансамблі, "Күн нұры" хореографиялық ансамблі, Д. Нұрпейісова атындағы балалар музыкалық мектебінің балалар хоры

Қосымша:

 

 

 

2021 жылдың ақпанында Жастар шығармашылығы орталығы жанында «Атамекен» камералық хорының (хормейстері Күнсұлу Көптілеуова)  негізі қаланып, қазіргі таңда аталмыш өнер ұжымы өңірдің барлық маңызды мәдени-көпшілік шараларының қатысушысы. Хор құрамына Жастар шығармашылығы орталығының кәсіби әнші-солистері мен Жастар музыкалық театрының актерлері кіреді. «Атамекен» камералық хоры Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткен «Жұбановтар әуені-2022» Халықаралық хор музыкасы фестивалінде дипломант атағына ие болды.  «Бір жан, бір жем, бір әуен» атты концертте хор репертуарындағы отандық, шетелдік композиторлардың шығармалары және заманауи өңдеудегі қазақтың халық әндері орындалады.

Кеш қонағы - Мәдениет саласының үздігі, әнші Ақсұлу Жұмалиева.

Концерттік бағдарламаға қатысатындар: «Әдемі» би ансамблі (жетекшісі А.Тасболатова), «Күн нұры» би ансамблі  (жетекшісі Н.Кадыркулова) және Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің балалар хоры (жетекшісі К.Көптілеуова), Д.Мақсұтов атындағы өнер-білім орталығының шәкірттері.