Бір түп алма ағашы
Әр адамға туған жеріне, қара шаңырағына деген перзенттік парызын ойға салатын дүние. Драманың мәні әрбір саналы жан өмірдің қандай қиындылығына қарамастан, қоғамдағы, отбасындағы өзміндетіне немқұрайлылық танытпасын деген ұстанымға үндейді.
Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың керағар тірліктері адам жанын алуан күйге бөлейді. Адамдар ер жетіп, отбасын құрады да, бір- бірінен алыстай бастайды. Неге? Бауырлар бөлек кеткен соң, бірін- бірі бөтенсіп, жатырқауы керек пе? Бір кезде мейірімге толы жүректер қайда? Кешірім, сағыныш атты сезімдер есейген соң, жоғала бастайтын болғаны ма? Осы сұрақтарға жауап іздесеңіз, оқиға төркіні бір отбасының төңірегінде өрбитін «Бір түп алма ағашы» драмасын көруге қош келесіз көрермен!