Бейбарыс
Жаугершілік заманда, бала кезінде Қыпшақ даласында тұтқындалып құлдыққа сатылған, кейін асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке жеткен Мысыр елінің даңқты қолбасшысы, кемеңгер билеушісі айналған әйгілі Әз Заhир Бейбарыстың күреске толы тағдыры, өмір жолы қойылымының өзегі болып табылады. Дүниеге даңқы жайылған, қолында билік пен байлықтың бәрі бола тұра, оның ешқашан орындалмас бір ғана арманы болды. Ол «бір түп жусан» еді. Бала кезінде есінде қалған жусанның иісін аңсап, мәңгілік сағынышы туған жерін аңсап өтеді.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!