«Бетховен – Мәңгілік – Махаббат»
Л.Бетховен, И.С.Бах, И.Гайдн, В.А.Моцарт және Д.Хаубрихтың музыкасына қойылған балет
Премьерасы 2020 жылғы 14-15 ақпанда «Астана Опера» МОБТ өтті
Ұлы неміс композиторының өмірі мен тағдыры «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетіне арқау болды.
Либретто авторы әрі қоюшы хореограф – театр сахнасында жетістікпен өтіп жатқан How long is Now? («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») бір бөлімді балеті және «Күлбике» балетімен көрермендерімізге кеңінен танымал Раймондо Ребек.
Қойылымның музыкалық негізіне Бетховеннің (соның ішінде хордың қатысуымен атақты Тоғызыншы симфониясы), сонымен қатар Бах, Гайдн, Моцарттың және заманауи композитор Дирк Хаубрихтың туындылары алынды.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сценограф әрі жарық дизайны концепциясының авторы – Йоко Сеяма
Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Валерио Тибери
Костюмдер бойынша суретші – Роса Ана Чанза
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова
Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли
Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Опера труппасының меңгерушісі – Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин
Рояльмен жеке орындаушы – Долорес Үмбетәлиева
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі
Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
Балетте ұлы кемеңгердің басынан кешкен қайғы-қасірет пен салтанат суреттеліп, Сырқат, Бейнет, Махаббат пен Шабыт жайлы сыр шертіледі.
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.