rebranding

Ұмытылмас Амадеус

«Ұмытылмас Амадеус»

В.А. Моцарттың 260 жылдығына орай

«Астана Опера» театрының Камералық залында «Ұмытылмас Амадеус» концерті өтеді.

2016 жылдың 27 қаңтарында белгілі австриялық композитор, шығармашылығы адамзат тарихындағы музыка мәдениетінің биік шыңына көтерілген Вольфганг Амадей Моцарттың (1756-1791) туылғанына 260 жыл толды. Ол миллиондардың жадында жатталған 600-ден астам музыкалық шығармалардың авторы.

Дмитрий Шостакович «Моцарт – адамзатқа көктемгі көңіл-күй мен жан-дүниесіне үндестік сыйлайтын, музыканың ешқашан ескірмейтін қайнар бұлағы», – деп жазды.

Бағдарламада В.А. Моцарттың шығармалары:

«Сиқырлы флейта» операсына увертюра

Скрипка, альт және оркестрге арналған Симфония-Кончертанте, Es-dur K.364

Соль мажор оркестрімен скрипкаға арналған концерт № 3, К.216

Ля мажор оркестрімен скрипкаға арналған концерт №5, К.219

 

Концертке қатысушар:

Бағдат Әбілханов (альт, скрипка, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері)

Айсұлу Бәйкенова (скрипка)

«Астана Опера» Камералық оркестрі

 

Жүргізуші – Маржан Жәкенова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады