Scorpions в Алматы

24 тамыз * сенбі * 2019 ж(18.00)

 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

 

 

И. КАЛЬМАН

«БАЯДЕРА»

2 бөлімді оперетта 

Либретто: Елена Езерская

Спектакль премьерасы 2003 жылғы 30 тамызда өтті

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ      

Музыкалық жетекші әрі дирижер – Валентин Богданов

Режиссер – Людмила Налетова (Мәскеу, Ресей)

Қоюшы суретші – Татьяна Спасоломская (Мәскеу, Ресей)

Қоюшы балетмейстер – Марина Лепилина (Мәскеу, Ресей)

Бас хормейстер – Татьяна Штыкова 

 

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

«Баядера» – Кальманның 1921 жылы Венада жарық көрген ең танымал оператталарының бірі, аталмыш туындының пайда болуы еуропалықтардың экзотикалық, атап айтқанда үнді сәніне қызығушылық танытуымен тікелей байланысты. Кальманға тән венгр ырғақтарымен қатар, «Баядера» музыкасына джаз элементтері, бостон вальсінің ырғағы, шимми және шығу тегі американдық басқа да билер енген.

 

 

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 

Баядера Одетта үнді ханзадасы Раджамиге ессіз ғашық, ал жігіт болса, қыз үшін лагорлық князьдердің шетелдік аруларға үйленуге тыйым салатын ежелден қалыптасқан заңдарын аттап өтуге дайын. Сөйтіп, Ханзада тақтан бас тартады. Одетта үлкен құрбандыққа барады: сөз салған жігіттің бетін қайтарып, оған деген сезімінің жоқтығын білдіреді. Көңілі түскен Раджами кетуге ыңғайланады, ал Одетта болса, жасаған амалының терістігін түсінеді. Ғашықтардың жүрегі жаралы. Бірақ, кенеттен некелеріне рұқсат беріледі. Барлығы да бақытты.

 

Имре Кальманның сиқырлы әуені Шығыс әлеміне жетелейді, мұнда шындық пен арман, орхидея гүлінің хош иісі мен өткір сөздер, махаббат құдіреті мен қоршаған ортаның күнделікті тіршілігі, ғажайып өзгерістер мен күтпеген тосынсыйлар орын алады. Дегенмен, соңы опереттаға тән – әдемі әрі жарқын аяқталады. Оқиғадағы барша іс-әрекет ауыспалы мағынада «Әйел нені қаласа, Құдай да соны қалайды» деген нақыл сөзбен пара-пар.

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут