Baller Астана қаласында

Baller - Шыңғысхан Көпбаев - танымал қазақстандық рэп орындаушысы, еліміздің хип-хоп жанрының негізін қалаушылардың бірі.

Оның стилін олд-скул, трэп және урбан жанрларының керемет үйлесімі деп атасақ қателеспеспіз. 2010 жылдан бері 11Block Connection лейблінде еңбек етіп келген әртіс сан алуан бейнебаяндарды шығара отырып, өзінің танымалдығын шекарадан да асырған болатын. 2017 жылы ол AK-47-мен бірлескен жұмыс атқарып, Гуфтың ән кешінде де өнер көрсеткен. Сондай-ақ, 2017 жылы Шыңғысхан «Үздік хип-хоп жобасы» ретінде EMA сыйлығымен марапатталған.