Scorpions в Алматы

БАЛЕТ-ГАЛА

БАЛЕТ-ГАЛА

Онлайн-көрсетілім

 

Өтетін орны: Үлкен зал

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Күні мен уақыты: 2020 ж. 25 қыркүйек / жұма / 19:00

Жас шектеуі: 10+

 

* * * *

2020 жылғы 25 қыркүйек күні Үлкен залдан Балет-галаның онлайн-көрсетілімі өтеді.

Бағдарламада – Р.Дригоның «Арлекинада», А.Аданның «Корсар», П.Чайковскийдің  «Аққу көлі» классикалық балеттерінен үзінділер. Неоклассика да ұсынылған – Н.Римский-Корсаковтың музыкасына М.Фокиннің «Шехеразада», Р.Петидің хореографиясында М.Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» балеттері, сондай-ақ модерн үлгісінде жас хореограф К.Звереваның қойылымындағы А.Райымқұлованың «Sounds of time», сонымен қатар заманауи отандық және шетелдік хореографтардың миниатюралары. Орындаушылар – «Астана Опера» спектакльдерінің жетекші партияларындағы танымал әртістер.

 

 

БАҒДАРЛАМА

П.Чайковский. «Аққу көлі» балетінен вальс. М. Петипаның хореографиясы

Ақарыс БЕЙБАРЫС және балет труппасының әртістері

 

А.Райымқұлова. «Заман тынысы» балетінен дуэт. К. Звереваның хореографиясы

Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Олжас ТАРЛАНОВ

 

Р.Дриго. «Арлекинада» балетінен па-де-де. М. Петипаның хореографиясы

Шұғыла ӘДЕПХАН, Серік НАҚЫСПЕКОВ

 

М.Жарр. «Париж Құдай анасының соборы» балетінен үзінді. Р. Петидің хореографиясы

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Steppe Sons «Қорқыт». А. Садықованың хореографиясы

Сұлтанбек ҒҰМАР, Еркежан ЖҮНІСОВА

 

С. Рахманинов. «Көктем сулары». А. Мессерердің хореографиясы

Арман УРАЗОВ, Шұғыла ӘДЕПХАН

 

Н.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада» балетінен дуэт. М.Фокиннің хореографиясы

Гаухар УСИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Серік НАҚЫСПЕКОВ

 

А. Адан. «Корсар» балетінен үзінді. М. Петипаның хореографиясы

Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Олжас ТАРЛАНОВ, Далер ЗАПАРОВ

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әсел ШӘЙКЕНОВА, Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ және балет труппасының әртістері

 

 

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі.

 

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі.

Дирижер – Арман Оразғалиев