Әзім әңгімесі
Өтетін орыны: Көктал 1 ш/а, Алмалық көшесі 1 «НАЗ» мемлекеттік би театры МКҚК
Қоюшы-режиссер: Қ. Ағымбаева
Авторы: Е. Ағымбаев
Жанр: хореографиялық спектакль
Ұзақтығы: 1 сағат
Жас санаты: шектеу жоқ
Қосымша: Сақтық шаралары үшін 65 жастан асқан кісілерге кіруге рұқсат етілмейді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» МКҚК 2021 жылдың 29 қазанында Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектаклін өткізетіндігін хабарлайды.
Бұл қойылым А.Құнанбайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады.
Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөйшал – солардың бірі. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған апжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Бірақ, бидің соңында олар кенеттен екі жаққа айрылысып кетеді.
Қоюшы хореографтар: С.Дүзбаев, А. Беглова, Ұ. Изенаев, М.Байбулова
Музыка авторы және музыкамен өңдеген: Қ. Ержан
Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері
«Наз» мемлекеттік би театрының директоры: Е.Ағымбаев