Google ad services
LP в Алматы

АБАЙ атындағы ҚМАОБТ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫ 

https://ticketon.kz/media/upload/17885u52887_abay.jpg

Композитор: А. Жубанов, Л. Хамиди           

Өтетін күні: 28 марта

Қоюшы-режиссер: К. Джандарбеков, Б. Досымжанов

Жанр: опера

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут

Жас санаты: 10+
 

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұлттық музыкалық өнерінің інжу-маржаны А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсын ұсынады. Операның тарихи нұсқасында Байғали Досымжановтың редакциясындағы Құрманбек Жандарбековтың режиссерлік концепциясы мен суретші Құлахмет Қожықовтың сценографиясы толық сақталған, бірегей қойылым ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның туған жерінде қойылады. «Абай» операсының премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында, ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының туылғанына 100 жыл толуына орай қойылды. Операның 75-жылдық ғұмырында оның орындаушыларының қатарында қазақ опера өнерінің көрнекті қайраткерлері болды, әлі де бар. «Абай» операсы – бұл екі жас – Айдар мен Ажардың романтикаға толы ыстық махаббаты, адамдардың ақ-қарасы айқындалатын, консерватизм мен реформаторлықтың бітпейтін арпалысы. Семей қаласының бас сахнасында негізгі партияларды солисттер – Болат Жомартов, Венера Алпысбаева, Қайрат Өмірбеков, Дархан Жолдыбаев, Есенгелді Рза орындайды. Опералық спектакльге Абай ат. ҚМАОБТ хор, балет және симфониялық оркестрі қатысады. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жарасов. Қойылым 28 наурыз күні сағат 18:00-де, Семей қ., Абай алаңы, Абай ат. Қазақ музыкалық-драма театрында өтеді. 

Қатысушылар мен орындаушылар: 

Абай, ақын, ағартушы – Болат Жомартов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 

Ажар, Айдардың ғашығы – Венера Алпысбаева 

Айдар ақын, Абайдың шәкірті – Дархан Жолдыбаев 

Жиренше: би – Есенгелді Рза 

Әзім Абайдың туыс әрі шәкірті – Тахауи Рахметов 

Қарлығаш Абайдың туысы – Эльмира Шпекбаева 

Көкбай ақын, Абайдың жас – Төлеген Рахымбаев 

Сырттан жоғарғы би, ақсақал (құрметті қарт) – Қайрат Өмірбеков 

Нарымбет Жиреншенің туысы – Болат Канагатов 

Мес Нарымбеттің нөкеріндегі жігіт – Дамир Садуақасов 

Жігіттер, қарттар, әйелдер, бұқара халық 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті 

Дирижері -  Нурлан Жарасов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 

Қазақ КСР-нің халық әртістері, екінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаттары: Құрманбек Жандарбеков пен Байғали Досымжановтың қойылымында 

Костюмдер мен декорациялар бойынша суретшісі - Құлахмет Қожықов 

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Хормейстері - Әлия Темірбекова 

Хореографиясы - Меңтай Тілеубаев, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері 

Билет қайтару шарттары: танысу