«Әжемнің ертегісі»

Өтетін орны: Астана қ., Республика д., 3, Астанадағы қуыршақ театры    

Авторы және режиссері: Қ. Ешмұратова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Қоюшы суретшілер: Ш. Елембаева, Н. Клименко

Режиссердің ассистенті: Д. Бейсенбаев, ҚР «Мәдениет қайраткері»

Балетмейстер: Ю. Амирова

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 45 минут

Жас санаты: 7+

Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді

 

Немелері үшін ақ самайлы әженің орны бөлек. Ол жайындағы ерекше естеліктер ешқашан ескірмейді.

Әженің махаббатын, мейірімін ешбір адам алмастыра алмайды. Әже немерелері үшін зұлымдық пен жамандыққа қорған бола алатын қауіпсіз баспана іспетті. Әже - кешегі мен бүгінгі күннің куәсі, тірі тарих, тірі энциклопедия. Ол өзінің таңғажайып ертегілерін алдыңғы буынмен байланыстыра отырып, салт-дәстүрді, адами құндылықтарды, ілім-білімді дәріптеу арқылы жүрекке жеткізеді.

Бүгін әже құдіретті күшке ие, сезім сиқыры мен ұлы махаббат туралы айтып бермек. Аталмыш ертегі трагедиямен аяқталады. Бірақ, бұл оқиға көрерменнің жан-дүниесінде, жадысында жарқын естелік болып қала бермек. Шын ғашықтар өлмейді. Олар мәңгілік махаббаттың символы ретінде қос аққуға айналады.