rebranding

«Қазақстан композиторлар Одағы шақырады»

Концерт

«Қазақстан композиторлар Одағы шақырады»

(Қазақстан композиторлар одағының 85 жылдығына орай)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

Қазақстан композиторлар одағы құрылуының мерейтойлық датасына «Қазақстан композиторлар Одағы шақырады» концерті орайластырылды.

Осынау шығармашылық одақтың бастауында қазақ музыка өнерінің ақсақалдары – А.Жұбанов, Е.Брусиловский, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Б.Ерзакович және басқалары тұрды.  Бүгінде олардың ісін Композиторлар одағының 120-дан астам мүшесі жалғастыруда, олардың 34-і елордада тұрып, шығармашылықпен айналысады. 

Мерейтойлық кеш бағдарламасында ұлттық композиторлық мектебінің кемеңгерлері – Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиевтің операларынан ариялар мен дуэттер, романстар мен әндер, сондай-ақ аспаптық шығармалары, сонымен қатар қазіргі заманғы авторлар – Б.Қыдырбек, С.Әбдінұров, Г.Өзенбаева, Л.Жұманова, М.Сүтішев, Ә.Әбдінұров, А.Тәни, А.Жайым, К.Измаилова, Д.Қалмағанбетов, А.Наурызхан, Ә.Жанбаев, Ә.Қадыров және т.б. туындылары шырқалады. 

Концертке «Астана Опера» театрының опера солистері және өзге де орындаушылар қатысады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.