rebranding

«Әз-Наурыз»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 23 наурыз, 2024
 
Уақыты: 18:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 

Мерекелік концерт

«Әз-Наурыз»

«Астана Опера» театрының әртістері көктем мерекесіне «Әз-Наурыз» жарқын концертін арнайды.

Бағдарламада халық әндері, отандық композиторлардың операларынан ариялар мен дуэттер, сонымен қатар қонақжай қазақ даласында бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың музыкалық дәстүрлерін паш ететін туындылар шырқалады.

Сан алуан сазды әуендер баршаға шаттық пен мерекелік көңіл күй сыйлайды!

Концертке «Астана Опера» театрының опера және балет солистері, оркестр әртістері қатысады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.