М.Себастьянның «Аты жоқ жұлдыз» драмасындағы оқиға дәулетті қоғамның Мона есімді ханымы кішігірім қалашықта тап болуынан басталады. Ол кездейсоқ ештеңеге, ешкімге тәуелсіз қарапайым мұғалім, астрономды кезіктіріп, оның да реңсіз өміріне көрік береді.
Мұғалім Мирою мен Мона рухани жақындығын сезіп, бір-бірінің «ессіз» әрекеттеріне, мінез-құлқы мен арман-қиялдарына ынтызар болады. Алайда көп ұзамай ауылға қыздың ескі ғашығы Григ келіп, өзінің дөрекі дәлелдерімен Монаға бұл мекенде орын жоқ екенін айтып сендіріп, Монаның өзгеріске деген үрейі бастапқы өміріне қайта әкеледі..
Қойылым жолынан тайқып кете алмаған жұлдыздың, Мирою мен Монаның махаббат хикаясын көрермен назарына ұсына отырып, адамдардың тірі болса да, өмір сүрмейтіндігін, табиғат пен өмірдің берген рухани құндылықтарына көңіл бұрмайтын қоғамды сынға алады.