rebranding

Аты жоқ спектакль. Премьера

Авторы: Евгений Шварц

Премьера күні, жылы: 16.06.2022

Режиссері: А. Сақанов

Актерлер:

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 12+

Қосымша: премьерасы

 

Бір патшалықты уысында ұстайтын карольдің ақылынан ақымақтығы басымырақ.

Айналасына жиналған қолшоқпарларының арасында да көзі ашығы жоқтың қасы. Елден ерек қасиеті - киімге  құмарлығы санасы ояулардың ғана көзіне көрінетін киім тігеміз деп алдаған алаяқтардың басты нысанасына айналып, ел алдында абыройсыз қалуы тіптен оңайға соқты.

Шығармадағы оқиғаны шиеленістіруші кейіпкерлер өздерін қоғам алдында ақылды көрсеткісі келетін ақымақтар. Сол тұрғыдан туындының бүгінгі күнмен үндестігін көре аламыз.

Карольдің көзге  көрінбейтін киім тіккізіп, оны халық алдында көрсетуі өзіне опа таптырды ма? Спектакльге келіңіз(дер), жауабын бірге білейік.