rebranding

Astana Ballet & Mezzo Almaty Theatre-да

Өтетін орны: Алматы қ., Almaty Theatre

Күні: 2024 жылғы 8-9 Наурыз

Уақыты: 19: 00

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 6+

Қосымша: бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін

 

 

 

 

Astana Ballet & Mezzo Almaty Theatre-да

Almaty Theatre көрермендерді Халықаралық әйелдер күніне арналған кеште қайталанбас сұлулық пен эстетикалық ләззат атмосферасына терең бойлауға шақырады. Балеттің көркем күші мен ойға шабыт сыйлайтын әуен біріктірілетін керемет іс-шара сіздерді мерекелік көңіл-күйге баурайтын қайталанбас эмоциялар оятатыны кепіл.

Хореография өнерінің жанкүйерлері жарқын қойылымдардан ләззат алатын болады: Сергей Прокофьевтің «Ромео және Джульетта» балетіндегі адажиосы; Арам Хачатурянның «Спартак» балетіндегі адажиосы; және де Эдит Пиаф, Шарль Дюмон және Жак Брельдің музыкасына Рикардо Амарантенің «LOVE FEAR LOSS» балеті «Астана Балет» театрының шебер, мәнерлі әрі көркем дарынға ие солистерінің орындауында ұсынылады. 

Сондай-ақ, кештің бағдарламасында классикалық кроссовер бағытында өнер көрсететін, классикалық және танымал музыка элементтерінің керемет үйлесімін жасай білетін  Қазақстандағы бірінші вокалдық топ - Mezzo тобының өнер көрсетуі де паш етіледі. Музыкалық білімі мен нәзік шығармашылық талғамы бар Mezzo тобының солистері кез келген таңдалған музыкалық жанрдың заңдылықтарын сақтай отырып және әр әнге өзінің жеке стилін дарытып, танымал музыкалық туындылардың қайталанбас интерпретациясын шебер түрде жасайды.

 

Бұл концертте симфониялық оркестрдің қатысуы қарастырылмаған