Scorpions в Алматы

«Асауға тұсау» Алматы қаласында гастрольдік іс сапар

«Асауға тұсау» Алматы қаласында гастрольдік іс сапар

Өтетін орны: Алматы, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Премьера күні: желтоқсан, 2013 жыл

Авторы: В. Шекспир 

Қоюшы-Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ 

Режиссерлер: Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен СЕРҒАЗИН

Жас санаты:

Қосымша:

Қосымша:

 

 «Асауға тұсау» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өр мінезді Петруччио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа кейіпкерлердің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі.

Жарасымды қалжыңымен баурап, көркемдік құдіретімен еліктіре түсер шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты. Оқиға көңілді музыка мен орындаушылардың пластикалық шеберліктерінің арқасында көркемдік тұрғыдан жаңа белеске көтерілді.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: 

Баптиста – Азамат  ЭСҚҰЛОВ
                   Бекжан КЕРІМБАЕВ
Петруччо – Әділ  АХМЕТОВ
                    Бахыт ХАДЖИБАЕВ
Люченцио – Дәурен  СЕРҒАЗИН
                      Бекжан КЕРІМБАЕВ
Гремио – Бахыт  ХАДЖИБАЕВ
Гортензио – Нұрлыбек ТӨЛЕГЕН
                     Бахыт ХАДЖИБАЕВ                 
Транио – Ербол ТЛЕУКЕНОВ
Бьонделло – Бекжан КЕРІМБАЕВ
                     Дәурен СЕРҒАЗИН
Грумио – Жандаулет  БАТАЙ
Катарина – Айнұр  РАХИПОВА
                    Мәдина ЖҰМАБАЕВА
Бьянка – Наурыз  САБАҒАТОВА

Марапаттар: 
1.    С.Майқанованың 100 жылдығына арналған XXII Республикалық драма театрлар фестивалі (Қызылорда, 2014) «Ең үздік спектакль» – Гран-при 

2.    Түркі халықтарының ХІІ «Наурыз» Халықаралық драма театрлар фестивалі 
Арнайы диплом (Татарстан, Казань, 2015)

3.    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Қазақстан –Еуразия жүрегі» атты Орта Азия елдерінің  VI Халықаралық фестивалі (Талдықорған, 2016)
 І орын


4.    Қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған  Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі – 2017»  халықаралық фестивалі (Түркістан, Шымкент, 2017)
           «Ең үздік спектакль» – Гран-при жүлдесі  
          «Үздік әйел бейнесі» (актриса Айнұр Рахипова), 
          «Қойылымдағы ұтымды бейне» (актер Әділ Ахметов)