Аршин Мал Алан

АРШИН МАЛ АЛАН комедиясы - әзербайжан композиторы Өзеир Қажыбековтың 1913 жылы жазылған комедиясы 30-шы жылдары Кеңес Одағының барлық театрларының сахналарында қойылған.

Қойылымның оқиға желісінде жас саудагер Асқардың шытырман оқиғалары сомдалады, ол Сұлтанбектің қызы Гүлчихраға бір көргеннен қатты ғашық боп қалады екен. 

Адал досы Сүлейманның көмегімен ол сан түрлі қулықтарға барып, ғашығымен отау құруды көздейді екен. 

Бұл комедияда көрермен әзірбайжандық реңкке көмкерілген әзілге толы әсерлі хикаялардан ләззат алып қана қоймай, қойылым барысында шырқалатын лирикалық әндер мен шебер ұсынылған аспаптық орындауларға тәнті болары анық.