Өтетін орыны: Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы 38, Ғабит Мүсірепов атындағы театр
Автор: Әлібек Байбол
Қоюшы режиссер: Сағызбай Қарабалин
Қоюшы суретші: Айдана Бисембаева
Ұзақтығы:
Жанр: ертегі
Жас санаты:
Тұрақ:
Қосымша:
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Әлемдегі барлық дүние түрлі нәрселерден құралады. Жаңбыр – су тамшыларынан, орман – ағаштардан… – деген секілді сансыз мысалдар келтіруге болады.
Ал, сөйлемдер неден құралады? Дыбыстар ше?.. Сөйлеу тіліміз – сөйлемдерден тұрса, сөйлемнің сөздерден, сөз – дыбыстан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын,біздің балақайлар жақсы біледі.
Қойылымда әріптер де сөйлейді, өзара талас-тартысқа түседі, олардың іс-әрекеттеріненешкім ешқашан ештеңеге, әсіресе, жаңа бастамаларға бейжай қарай алмайтынын аңғаруға болады.
Тіл – қарым-қатынас құралы. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуіне жол ашады. Әлемдік кеңістікке бастар жол – латын әліпбиіне көшудің тәй-тәй қадамдарынжасап көргіңіз келсе, біздің театрға келіңіз!