ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Әнші дауысы»

«Әнші дауысы»

Сипаттама

Концерт

«Әнші дауысы»

Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына орай

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры маусымды танымал қазақ әншісі, композитор және әртіс Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған жарқын концертімен қорытындылайды.

Бағдарламада «Қазақ даласының Орфейі» атанған Ғ.Құрманғалиевтің туындылары шырқалады.

Концертте дәстүрлі әнші-орындаушылар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, Айгерім Нартүйе, Айнұр Қонысбаева, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай, Зинат Қасымова өнер көрсетеді.

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры ел ішінде де, шетелде де кең танымалдылыққа ие. Көптеген гастрольдер, ең беделді сахналарда өнер көрсету, республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңістер ұжымның жоғары орындаушылық мәдениетінің айғағы. Оның ауқымды концерттік репертуары ұлттық және әлемдік классика шығармаларын қамтиды.

Камералық хордың орындауында Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығының табынушылары «Әнші дауысы», «Аққуым менің», «Отаным», «Ақжайық», «Зәуреш» және басқа да сүйікті әндерді тыңдайды.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры

Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова

Бас хормейстер Данара Ташатова

Концертмейстер Гүлден Базыкен

СОЛИСТЕР:

Гүлмира Сарина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Айгерім Нартүйе, Мәдениет саласының үздігі

Айнұр Қонысбаева

Нұржан Мейірхан

Алуа Қалымбекова

Айдос Оңғарбай

Зинат Қасымова

Жүргізуші Нұрлан Нұрышев

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    20 маусым, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 20
    Маусым
    Бейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000
    бастап 4000