«Әнші сыры»

Концерт бағдарламасына қазақ халық әндерінің таңдаулы шығармалары, дәстүрлі әншілер мен композиторлардың туындылары енген. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен мәдениет саласының үздіктері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі де өз өнерін ортаға салады.

Кешке ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Гүлзира Бөкейхан , Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздіктері Секен Сыздық, Нұрай Танабаев, Берік Омаров өнер көрсетеді. «Сарыжайлау» (Тәттімбет), орындайтын «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Келші жастық» (әні М. Жанболатов, сөзі Н. Айтов), орындайтын Секен Сыздық «Ақ тырналар» (әні Е. Рахмадиев, сөзі К. Салықов), орындайтын Гүлзира Бөкейхан және басқа да халық әндері мен авторлық шығармалар.

Бұл кеш ұлттық музыка мұрасын насихаттауға, халықтық өнерді дәріптеуге бағытталған ерекше шара болмақ. Ұлттық әуендердің сырына терең бойлап, дәстүрлі қазақ әндерінің әсемдігіне куә болғыңыз келсе, сізді концертке шақырамыз!