rebranding

«Әнім менің Астана!»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 20 желтоқсан, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың жеке концерті

«Әнім менің Астана!»

Елорданың 25 жылдығына арналады

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова елордамыздың 25 жылдығына өзінің жеке концертін тарту етпек. Астана бас қала болғалы барлық концерттік алаңда естілген оның лирикалық даусы қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы таныс. Өз шығармашылығының айнымас тыңдармандары мен жанкүйерлеріне деген игі махаббатының белгісі ретінде әнші вокал кешін ұсынады. Онымен бірге сахна төріне «Астана Опера» театрының жетекші солистері, әріптестері мен шәкірттері шығады.

Концерт бағдарламасында В.А.Моцарт, Ш.Гуно, Г.Доницетти, Ф.Легар, Д.Обер, Л.Бернстайнның операларынан ариялар, сондай-ақ Л.Хамиди, М.Ержанов, Е.Рахмадиев, Е.Хасанғалиев, І.Жақанов, Ә.Алпысбаев сынды ұлттық композиторлардың сүйікті әндері мен романстары  шырқалады.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Ғалия БАЙҒАЗИНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Халықаралық байқаудың лауреаттары:

Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ (баритон)

Артур ҒАБДИЕВ (тенор)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Әсем КИІКБАЕВА (сопрано)

Жұлдыз НЫСАНБАЕВА (сопрано)

Фортепиано партиясы – Жанар АХМЕТОВА, халықаралық байқаудың дипломанты

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.