Олар сұм соғыстың жолында жастық шақтарын, асқақ армандарын, тулаған қызуы мен балауса ажарын берді. Құлаған қайың қайта көктеп, тапталған егін қайта жайқалып жер жарасы жазылса да, сол жолда құрбан болғандар қайтып келмеді.
Ел басына түскен ауыртпалықты бір отбасының тағдырымен суреттеген заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ана - Жер Ана» трагедиясының кейіпкерлері алғаш рет қуыршақ бейнесінде Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында көрерменге жол тартып, үн қатты. Ана - мәңгілік символы. Төрт бірдей азаматын Жер ананың қойнауына тапсырған Толғанай бейнесі қойылым барысында көрерменді төзімділікке, сабырлық пен қайсарлыққа шақырады.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Джанго/Зорро
Джанго/Зорро
Шерлок Холмс 3
Шерлок Холмс 3