ӘМІРЕ. Премьера!
Сипаттама
Моноспектакль театр саласындағы ерекше жанр.Өнер жолы -ауыр жол. Өнерпаздың өмірі - өнері. Оның өнеріне шек қою - өміріне шек қоюмен бірдей. Өзі өлсе де өнегесі өлмейтіндер бар.
Өнерпаздың жеке басының трагедиясы, өнерді шектеу, сирек туатын дарынды тұсау - тұтас бір ұлттың өнерін қорлау.
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан қазақтың тұңғыш халық әншісі, қазақ театрының алғашқы актері Әміре Қашаубаевтың тағдырына арналған туындыда тобыр мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянаттың қақтығысы бейнеленген.
Кейіпкер мен орындаушы:
Әміре Оразалы Игілік
Қойылым тобы:
Сценография және костюм суретшісі
Айдана Еңгебай
Жарық қою суретшісі
Айдын Досаев
Дыбыс режиссері
Сабина Ильясова
Авторы
Қанат Жүнісов
Премьера күні, жылы
15 қараша 2024 жыл
Режиссер
Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ұзақтығы
1 сағат
Жанр
музыкалық моно-спектакль
Жас шектеуі
12+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ
Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз