«Өршіл өсімдіктер» пластикалық қойылымы
Сэмюэль Беккеттің «Годоны күту» пьесасы бойынша жазылған абсурдтық трагикомедия.
Күту - нағыз азап, құдайлардың жіберген жазасы. Соққыға дейінгі сол соққыны күту уақыты әлдеқайда қорқынышты. Біздің аман-саулығымыз байланысты адаммен ауыр әңгімені күту сол әңгіменің өзінен әлдеқайда қиынырақ. Талдауларды күту қойылатын диагноздан әлдеқайда зор үрей тудырады. Ал ұйқысыздықтың ағзағка деген зақымы және ертеңгі уақытта ешбір әл-қуатсыз ояну туралы мазасыз ойлар сол ұйқысыздықтың өзінен әлдеқайда күрделі. Мазасыз күту сезімі жанымызды улап, өмір күресіне керек күштеріміздің барлығын тартып алады. Тұрмыс-тіршілігімізді қуаныш сезімінен айырады. Диди мен Гого өздерінің мағынасыз тіршілігіне мән сыйлайтын, қоршаған әлемнің жауыздық қауіптерінен сақтайтын әлдебір Годоны күтіп, бір орынға байланып, уақыттың тұзағына түскендей болады.
Актерлер:
Гого - Иванова Александра
Диди - Алимбетова Ада
Поццо - Мамешова Талшын
Лаки - Романова Алина
Альтер Эго - Мубараков Назарбек, Хабибуллина Лейла, Сураева Варвара