Эстетикалық топтық гимнастикадан «Almaty Cup» халықаралық турнирі

Өтетін орны: Алматы қ., Спорт сарайы. Балуан Шолақ, Абай даңғылы, 44

Күні: 23-26 қараша, 2023

Уақыты: 12: 00

Ұзақтығы: 5-6 сағат

Жас шектеуі: жас шектеуі жоқ

Қосымша: 

 

 

 

 

2023 жылғы 23-26 қараша аралығында Алматы қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және ifagg Trophy 2023 өтеді. Әлем чемпионаты - жылына бір рет өтетін маңызды жарыс. Әлемдік біріншілік алғаш рет Азияда өтеді.Жарыстың ұйымдастырушылары Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (IFAGG), Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы болып табылады.Әлем чемпионаты аясында 2023 жылғы 22-24 қараша аралығында төрт құрлық чемпионаты және "Almaty Cup"халықаралық турнирі өтеді.Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.Спорттық іс-шараларға әлемнің 15-17 елінен мықты командалар қатысады. Біздің елімізге 1500 спортшы, жаттықтырушылар, төрешілер келеді.Ұзақ және қысқа бағдарламаларда, бірнеше жас санаттарында, сондай-ақ аралас командалар арасында 50 медаль жиынтығы ойналады.Көрермендерді жарыс бөлімінен басқа 2023 жылғы 25 қарашада сағат 12.00-де өтетін салтанатты ашылу рәсімі күтіп тұр және қонақтарымызды қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлерімен, Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке интеграциялануымен қысқаша таныстырады.

Өткізу күні мен уақыты:

  • 23.11.2023 – 12:00-18:00
  • 24.11.2023 – 12:00-17:00
  • 25.11.2023 – 12:00-18:00
  • 26.11.2023 – 12:00-17:00