Алло, мама... «TOTAL FEST. Диалогтар»
«TOTAL FEST. Диалогтар» ІІІ Халықаралық театр фестивалі аясында «Тотальный театр» компаниясының ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен: Магнитогорск, Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қарағанды, Алматы, Таллин, Венадан келген жасөспірімдер мен жастарға арналған үздік қойылымдарды жинады.
Фестиваль Алматы қаласында 2024 жылдың 7-14 сәуірі аралығында өтеді.
Ана мен бала арасындағы көзге көрінбейтін ыстық махаббат идеясынан туған. Балалар естерінде қалған оқиғаларын көркем түрде баяндап, сахнада қайта өмірге әкеледі. Қарбалас қоғамда күйбең тіршілікпен жүріп, жақыныңызға «жақсы көремін» деген сөзді айту барлығымызға қиын. Спектакль ортадағы қамалды бұзып, еркін сезімдерге бой алдырады. Актерлер өз басынан өткен оқиғаларды баяндайды. Қызығы сол оқиғалар легі барша көрерменге ортақ. Себебі барлығын байланыстырып тұрған бір ғана сөз - АНА.