«Алло, Аналар»
Өтетін орны: трансформацияның мәдени кеңістігі Барибаев көшесі, 36
Режиссер: Кемал Нұрсұлтан, Ешмұратов Бекзат, Жұмабай Абылай
Мастер: Фархад Молдағали
Музыкалық жетекші: Серікжан Айтқали
Актер шеберлігі пәнінің оқытушысы: Кажнабиева Баян, Тұрарбеков Әділет
Хореограф: Рашит Дайана
Ұзақтығы: 45 минут
Ана мен бала арасындағы көзге көрінбейтін ыстық махаббат идеясынан туған. Балалар естерінде қалған оқиғаларын көркем түрде баяндап, сахнада қайта өмірге әкеледі. Қарбалас қоғамда күйбең тіршілікпен жүріп, жақыныңызға «жақсы көремін» деген сөзді айту барлығымызға қиын. Спектакль ортадағы қамалды бұзып, еркін сезімдерге бой алдырады. Актерлер өз басынан өткен оқиғаларды баяндайды. Қызығы сол оқиғалар легі барша көрерменге ортақ. Себебі барлығын байланыстырып тұрған бір ғана сөз – АНА.