Алғашқы махаббат Қарағандыдағы гастрольдер

Алғашқы махаббатМекен-жайы: Қарағанды қаласы С. Сейфуллин атындағы театр

Өтетін күні: 22-қыркүйек

Өтетін уақыты: 18:30

Авторы: Қ. Жүнісов 

Режиссёрі: Ж. Садықов

Жанр: комедия

Қоюшы-суретші: Рауан Ұлықпан

Музыкамен көркемдеген: Сағиддин Медерқұл

Режиссер ассистенті: Талжібек Атамбек

 

Махаббат – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Осы аяулы сезімді ең алғаш   мектеп қабырғасында жүргенде  әр бір жеткіншектің  басынан өткені сөзсіз. Бір қызығы  алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз?  Бұл алдамшы сезім бе, әлде шынайы ма? Біз білетіндей махаббат жасқа қарамайды ма?

Мектеп өмірінің мөлдір сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым көрермен көңіліне қызыққа толы шақтарынын есіне салары анық. Олай болса театрға асығыңыз!