Scorpions в Алматы

Аладдинның сиқырлы шамы. Гастроли в Актобе

Өтетін орны: Ақтөбе қ., т. Ахтанов к-сі, 52, Т. Ахтанов атындағы драма театры, Ақтөбе қ.

Театр: Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры

Күні мен уақыты: 7, 8, 9 сәуір 2023, 11:00-те

Автор: Н.Чинкинбаев 

Режиссёр: Бекен Еркебулан

Актерлер / Суретші: 

Жанр: сказка

Ұзақтығы: 50 минут

Жас шектеуі: 3+ Ескерту 3 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

Бұл оқиға Бағдат шаһарында тұратын кедей болса да, ақылды, ержүрек, мейірімді Аладдин жайында болмақ. Жетімдіктің ащы дәмін татқанына қарамастан ол айналасына қамқорлығымен танылады, жалғыз анасына қолғанат болады.

Күндердің күнінде Бас уәзір мен зымиян балгердің қитұрқы жоспарының салдарынан Аладдин тұзаққа түсіп, сол жерден қап тауып алады. Қап түбінде жатқан ескі жез шам, жәй емес сиқырлы болып шығады. Жез шамның иесі Қашқаш Дию арқылы Аладдин Сұлтанның қызы– Будур ханшайымға қол жеткізіп, жолында кездескен түрлі тосқауылдарды жеңіп, түбінде арманына жеткендігі кішкентай бүлдіршіндерді бей-жай қалдырмайды.