Аладдин

Аладдин - «Мың бір түн» танымал араб ертегі кейіпкерлерінің бірі. Персидтік қалалардын бірінде кедей тігінші отбасында Аладдин есімді бала болыпты. Бір күні олардың үйіне қонаққа бейтаныс магрибиндік кісі келеді, нәтижесінде ол сиқыршы және қу дуагер Джафар болып шығады.
Ол Аладдинді өз мақсаттарында қолданады: қазына көзінен иегеріне асқан байлық пен қуат беретін сиқырлы шамды алып келу керек. Қазына сиқыршының қолына берілмейтіндіктен, Джафар мұны өзі істей алмайды екен.

Алайда Аладдиннің шытырман хикаялары ол сиқырлы шамның иегері атанғаннан кейін басталады. Будур ханшайым мен Аладдин арасындағы махаббат - «Мың бір түн» ертегілерінің ең романтикалық беттері - жарқын бояулар мен жаңашыл сахналық шешімдерде бейнеленген. Мейрамның әсемдігі мен Шығыс елінің күнделікті өмір салты қойылымның әрбір әуені мен әрбір сәтінде сезіледі.