rebranding

Актриса

Мекен-жайы: Қарағанды қ-сы, Бұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: Д. Исабеков

Режиссёр: Б. Киекбаев

Рөлдерде: Әйгерім Қалдыбекова,Бауыржан Амандықов, Наурызбай Есей т.б.

Қоюшы суретші: Б.А қылбекова

Жанр: драма

Ұзақтығы: 50 минут

Жас санаты: 

Қосымша: 

Белгілі жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Д.Исабековтың «Актриса» пьесасы артистің сахнадағы шығармашылық өмірі мен сахна сыртындағы шынайы өмірі туралы ашық әңгіме-монолог.

«Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, ол – нағыз өмір мен өнерді бейнелейтін рухани киелі орда. Ал, сахнада  көрерменнің көңіл таразысы үшін «жан алып, жан беріп» қызмет ететін актердің еңбегін телегей – теңізге теңеуге болатындай. 

Адамның болмысын, мінез-құлқын сан түрге құбылтатын актердің өзінің ішкі жан-дүниесінде не болып жатыр, қандай дауыл соғып тұр, қуанышы не, өкініші бар ма? Бүкіл ғұмырын сахнаға арнаған актриса «не үшін, кім үшін ойнадым» деп толғанады, өзімен бірге көрерменді де ойландырады, толғандырады. Актрисаның  өмірі мен өнері жайлы монологы сізді бір жылатып, бір күлдіреді.

Сахнада ұлттың тілін, ділі мен дінін насихаттап, халық алдында үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген өз ісінің хас шебері дейтін актер-актрисалардың саны қаншалықты? Сұрақ көп, жауап аз...

Театрға келіңіздер, қымбатты көрермен! «Актрисамен» танысыңыздар.

Басты рөлде театрдың жас актрисасы - Әйгерім Қалдыбекова,

Ерлендер рөлінде -Бауыржан Амандықов, Наурызбай Есей, Ақай Жұмамұратов, Заңғар Ақаев.