Айналайын
Автор: Барзу Абдуразаков
Премьера күні: 8-9 маусым,2021 жыл
Қоюшы режиссер: Айдын Салбанов
Жанр: психологиялық драма
Ұзақтығы: 1 сағ 20 минут
Жас санаты: 12+
Қосымша:
Бүгінгі қауырт тірлікте жақындарымыздан біршама алыстап, тіпті олармен кездесу, сөйлесу де сиреп бара жатқандай. Оның себебі неде? Есейіп, өз бетімізше өмір сүргенді жөн көрдік бе, әлде уақыттың тапшылығы ма? Мүмкін сағынбайтын шығармыз... Соңғы рет анаңызбен оңаша отырып сырласқаныңыз есіңізде ме? Қашан қалын біліп, жағдайын сұрадыңыз, қашан телефон шалдыңыз? Мүмкіндік барда аяулы жандарымызға алғысымызбен қатар жылы сөздерімізді де айта жүрейік. Себебі, сәби кезімізде Анамыздың мейіріміне біз қалай мұқтаж болсақ, Анамыз да біздің бір ауыз жылы сөзімізге, жәй ғана назарымызға мұқтаж...
Актерлар:
Анасы – Майра Ильясова
Баласы – Айдос Нұрмағамбетов, Рахат Төрежанов
Көпшілік сахнада: Нұрсұлтан Есет, Кеңес Кемалбаев, Жанар Кемалбаева, Нұрсұлтан Айтқалиев, Жанна Өтеген, Бекжан Қайроллин, Есет Оразалин