АИДА
2022 / 2023 Үлкен зал Х маусым
5 шілде * сәрсенбі * 19.00
6 шілде * бейсенбі * 18.00
«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ФЕСТИВАЛІНІҢ АЯСЫНДА
Джузеппе Верди
«АИДА»
4 бөлімді опера
Либретто авторы – Антонио Гисланцони
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен қамтылған)
Ұзақтығы: 3 сағат 30 минут (екі үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Астана Опера» театрында әйгілі заманауи режиссер әрі сценограф – Франко Дзеффиреллидің қойылымындағы (Ла Скала, Италия) Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылады.
Қоюшы режиссер, сценограф – Франко ДЗЕФФИРЕЛЛИ
Дирижер – Диан ЧОБАНОВ (Болгария)
Костюмдер бойынша суретші – Маурицио МИЛЛЕНОТТИ
Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстер – Ғалия БӨРІБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ
Жобаның техникалық директоры – Виктор КАРАРЕ
ШАҚЫРЫЛҒАН СОЛИСТЕР:
5 шілде
Радамес – Диего КАВАЦЦИН (Италия)
Амонасро – Бадрал ЧУЛУУНБААТАР (Монголия)
6 шілде
Амнерис – Изабель де ПАОЛИ (Италия)
1868 жылы Суэц арнасының салтанатты ашылуына байланысты Мысыр үкіметі Вердиге ұлттық тарих негізіндегі сюжетке опера жазуды ұсынады. Премьера Каирдағы театрдың ашылуына жоспарланған еді, алайда композитор тапсырысты қабылдамады. Бірақ ежелгі Мысыр перғауындарының Нубияға (Эфиопия) қарсы күресі дәуірінен қалған папирустағы аңызға негізделген, француз мысыртанушысы О.Э. Мариеттің сценарийімен танысқаннан кейін, 1870 жылы келісімін берді. Мариетт суреттері бойынша қойылым үшін декорациялар мен костюмдер дайындалды. Операның прозалық мәтінін француз либреттошысы К. дю Локль (1832-1903), өлең ретіндегі либреттосын А. Гисланцони (1824-1893) жазды. Верди сюжет жасауға белсенді түрде қатысып, ежелгі Мысыр тарихы мен өнерін мұқият зерттеді.
«Аиданың» премьерасы 1871 жылдың 24 желтоқсанында Каирда, ал келесі жылдың 8 ақпанында Миланда өтті.
«Аидада» ащы шиеленістерге толы жеке драма – алып әрі ауқымды жаппай көріністер, салтанатты шерулер, билер мен ұрандар аясында өрбиді. Мейірімсіз абыздар бейнесінде Верди шіркеу қызметшілерінің зұлматын таңбалайды, оларға Аида мен Радаместің жан сұлулығы мен мол адамгершіліктері қарсы тұрды: олардың махаббаты өлімге де дес бермей, барлық сынды көтереді. Опера жоғары адамгершілік сезімдеріне ұран болып естіледі.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Аида – Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (дебют)
Радамес – Диего КАВАЦЦИН (Италия) / Саян ИСИН
Амнерис – Гүлжанат САПАҚОВА / Изабель де ПАОЛИ (Италия)
Амонасро – Бадрал ЧУЛУУНБААТАР (Моңғолия) / Талғат ҒАЛЕЕВ (дебют)
Мысыр патшасы – Валерий СЕЛИВАНОВ (дебют)
Рамфис – Болат ЕСІМХАНОВ / Шыңғыс РАСЫЛХАН
Хабаршы – Рамзат БАЛАКИШИЕВ
Абыз әйел – Галина ЧЕПЛАКОВА (дебют) / Елена ГАНЖА
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.