Scorpions в Алматы

Әгугәй мен Игигай

«Әгугәй мен Игигәй» атты  жасөспірімдер мен балаларға арналған музыкалық ертегі премьерасы. Халық ертегілері желісі бойынша  құрастырылған  музыкалық қойылымда ұлттық құндылықтарымыз - домбыра, халық әні, ұлттық киім, би, халық ертегілері дәріптеледі. Мақсат: тәрбие тал бесіктен дегендей, тектілігі тереңге тамырланған қазағымыздың  ғасырлар бойғы озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге көзқарасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, соған сай мінез - құлық қалыптастыруға ат салысу. Аталмыш қойылымда Әгугәй мен Игигәй атты (ойдан шығарылған) кейіпкерлердің көңілді – музыкалық баяндауы мен театрландырылған көріністер арқылы үш ертегінің тәрбиелік мән-мағынасы балаларға жеңіл де ойнақы түрде жеткізіледі.  Келіңіздер, көріңіздер!        

Кейіпкерлер:

Әгугай-Құдайберген Айбек

Игигай-Пиязов Тимур

Егінші-Егінбаев Ерасыл

Бектұрсын Қайратбек

Абилбаев Рауан

Түлкі-Джурабаева Кенжегүл

Қайырғазина Айсәуле

Қасқыр-Базаров Тілек

Абдрахманов Нариман

Шықбермес Шағайбай-Басшыбай Нәсіпжан

Бесікбасов Оңдасын

Алдар көсе-Арипов Дәулет

Агайдаров Ерғали

Бәйбіше-Аглакова Ұлжан

Аманжолова Алма

Арыстан-Бекбауов Рауан

Ильясов Есенай

 Күйші-Исаев Нұрболат

Уатқан Шаттық

Ақ бөкен-Туралиева Айгерім