ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«AD LIBITUM»

«AD LIBITUM»

Сипаттама

2024 жылғы 8 қарашада камералық музыканың «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрі қаланың жаңа концерттік алаңы «Жас Сахнада» көрермендермен қауышады

«Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрі өзгеріске әрдайым ашықтығымен және жаңашыл ізденістерімен танымал.

Жаңа концерттік маусымда оркестр Алматы картасында жақында ғана пайда болған жаңа «Жас Сахна» тетрының кеңістігінде бірнеше рет көрерменімен жүздеседі.

Театрда театрлық қойылымдар сәтті өтіп жүр, ал «Қазақстан камератасы» онда алғаш рет өнер көрсетпек. Сондықтан, тыңдармандар музыканттармен бірге түрлі музыкалық техникалар мен композиторлардың стильдер сарынын бағалау мақсатында арнайы осы концерт үшін сан алуан шығармалар таңдап алынды.


Бағдарламада:

1. П.Уорлок (1894-1930) - «Сюита каприоль»

2. А.Вивальди (1678-1741) Скрипка мен ішекті оркестрге арналған концерт, соль мажор

3. М. Брух (1838-1920) «Kol Nidrei» еврей литургиялық саздары тақырыбында оркестрмен виоленчельге арналған

4. В. Стригоцкий-Пак (1947 ж.т.) - «Аққу көлі»

5. Құрманғазы (1818 (1823) 1889 (1896)) «Балбырауын» (Д. Мұратқалиевтің өңдеуімен)

6. Ф.Мендельсон-Бартольди (1809-1847) Ішекті октет ми-бемоль мажор, op. 20

7. Г.Ф.Гендель (1685-1759) Concerto Grosso №2, соль минор (1, 2-бөлімдер)

8. Дж.Соллима (1962 ж.т.) «Violoncelles Vibrez!»

9. Қара Қараев (1918-1982) - «Найзағай жолы» балетіне арналған музыкадан 3 би


«ҚАЗАҚСТАН КАМЕРАТАСЫ» мемлекеттік камералық оркестрі
Көркемдік жетекші: ҚР Халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, профессор - ГАУХАР МЫРЗАБЕКОВА

Дирижер: ПАВЕЛ ТАРАСЕВИЧ

Жаңа концерттік зал әрдайым жұмбақ әрі музыкалық жаңалықтрға қанығудың тамаша мүмкіндігі. «Жас Сахна» театрының жаңа алаңы «қолайлы» акустикасымен танылып үлгерді, бұл кез келген музыкант үшін концерттегі ең маңызды фактор.

8 қарашада музыкалық акустиканың концерт-жаңалығына, концерт-ізденісіне, концерт-зерттеуіне келіңіз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Байтен Омаров атындағы «Жас Сахна» Театры (үлкен сахна)

  • Күні

    8 қараша

  • Басталу уақыты

    19.00

  • Жас шектеуі

    6+

  • Жанр

    концерт

  • Концерттің ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 14
    Желтоқсан
    Сенб
    Театр Жас Сахна
    Большая сцена
    бастап 9000 ₸
    бастап 9000 ₸