Абай (Astana Opera)

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 1,3 мамыр, 2024

Уақыты: 18:00, 19:00

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди

«Абай»

Төрт бөлімді опера

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

* * * **

Либретто авторы – Мұхтар Әуезов

Премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы МАОБТ өтті

«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2015 жылғы 25 қыркүйек

Ұлттық классика жауһары – А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы дирижер Алан Бөрібаев пен режиссер Джанкарло дель Монаконың жаңа қойылымында көрерменге жол тартпақ. Қойылымның музыкалық жетекшісі – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың партитураны жеткізе білуі ерекше: музыкалық материал анық-қанық түсіндіріліп, ой шыңының асқақ биігінде оқылған. Оның басқаруындағы оркестрдің үні де есте қаларлық!

Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапиноның керемет үйлескен шығармашылық жұбы сахна төрін түрлендіріп, бірегейлігімен тамсандырады. Осылайша, ақынның ішкі жан-дүниесінің байлығы Абайдың жұмыс орнының көрінісінде айқын байқалады: алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус, армилляр (астрономиялық құрал), ұлы данышпандардың мүсіндері... Ал бөлменің есігі тұтас әлемге айқара ашылғандай!

Соңғы көріністе пайдаланылатын 3D-технологиясы өте орынды қосылып, шаттыққа толы әсерге бөлейді, жүректерді отансүйгіштік сезіміне толтырады.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Абай –            Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                        Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Айдар –          Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                        Талғат АЛЛАБИРИНОВ (дебют)

Ажар –           Назым САҒЫНТАЙ /

                        Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әзім –             Мерей ҚАДЫРХАНОВ (дебют) / Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Жиренше –    Талғат ҒАЛЕЕВ /

                        Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Қарлығаш –   Салтанат МҰРАТБЕКОВА / Татьяна ВИЦИНСКАЯ

Көкбай –        Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /

                        Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ (дебют)

Сырттан – Болат ЕСІМХАНОВ / Шыңғыс РАСЫЛХАН

Нарымбет – Ерұлан КӘМЕЛ

Мес –              Бекұлан ЕРБОЛАТҰЛЫ (дебют) / Нұрсұлтан ӘНУАРБЕК (дебют)

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер – Элмар Бөрібаев

Қоюшы режиссер – Джанкарло дель Монако

Режиссердің кеңесшісі – Есмұқан Обаев, Қазақстанның Халық әртісі

Сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Виничио Кели

Қоюшы балетмейстерлер – Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Ғалия Бөрібаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры – Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады

2018 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.