Scorpions в Алматы

«А. Дворжак – ұлы романтик»

2023/2024           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал         ХІ маусым

9 қыркүйек * сенбі * 18.00

 

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

 

Концерт

«А. Дворжак – ұлы романтик»

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының FORTE-TRIO ҚР мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында «А. Дворжак – ұлы романтик» концертін ұсынады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

FORTE-TRIO аспаптық музыка сүйер қауымды өз өнерлерімен үнемі қуантудан танған емес, осы жолы да жаңа бағдарламасында чехтің романтик композиторы Антонин Дворжактың камералық шығармаларын ұсынады.

 

БАҒДАРЛАМА:

А. Дворжак

«Думки» №4 фортепиано триосы, ор.90

№2 фортепиано квинтеті ля мажор, ор.81

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосы, құрамы:

Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)

Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)

Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)

 

Шақыртылған музыканттар (Концерт қонақтары):
Біржан ӘБДІҚАДЫР (скрипка)
Леонид МЫСОВСКИЙ (альт)

 

Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.
 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.