"Корсар"
2021 / 2022 Үлкен зал ІХ маусым
16 қыркүйек * бейсенбі * 19.00
17 қыркүйек * жұма * 19.00
Адольф Адан
«КОРСАР»
Прологы мен Эпилогы бар 2 бөлімді балет
Мариус Петипаның хореографиясы, Алтынай Асылмұратованың редакциясы
(Петр Гусевтің хореографиясы қолданылған)
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы хореограф – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі
Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Музыкалық редактор – Долорес Үмбетәлиева
Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино
Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
Байронның аттас поэмасы бойынша құрылған «Корсар» балеті оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндікке құштар рухын, қуатты ынтызарлығын сақтап қалған. Теңіз қарақшылары – корсарлардың махаббат пен зұлымдық сәттері, сараң саудагердің күлкілі әрекеттері және «Жаңғырған бақтың» романтикалық көріністері орын алған өмірлік сюжет көрермендер арасында үлкен жетістікке ие.
Бұл классикалық балет репертуарының інжу-маржаны әлемнің барлық айтулы театрларының сәнін келтіруде, себебі осы жауһар туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқ етуге мүмкіндік береді.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
16 ҚЫРКҮЙЕК
Медора – Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Конрад – Олжас ТАРЛАНОВ
Исаак Ланкедем – Айбар ТОҚТАР
Бирбанто – Сұлтанбек ҒҰМАР (алғашқы өнер көрсетуі)
Сеид-паша – Рахметолла НАУАНОВ
Гюльнара – Мөлдір ШӘКІМОВА
Құл Али – Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
* * *
17 ҚЫРКҮЙЕК
Медора – Гауһар УСИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Конрад – Арман УРАЗОВ
Исаак Ланкедем – Серік НАҚЫСПЕКОВ
Бирбанто – Олжас МАХАНБЕТӘЛИЕВ
Сеид-паша – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ
Гюльнара – Шұғыла ӘДЕПХАН
Құл Али – Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, МИМАНСЫ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)
Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады
Құрметті көрермендер!
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.
Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.
Қолдану бойынша нұсқаулық:
1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).
2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.
3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).
4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет
Мәртебелер:
Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ
Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады
Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.
Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.
Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.
Түсіністік танытады деген сенімдеміз!
Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+
Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.